"Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы  бойынша білім бөлімі  Айнакөл ауылының жалпы орта  білім  беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа села Айнаколь  отдела образования по Буландынскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша «Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ педагог-психолог жұмысының талдау есебі

Педагог-психолог қызметінің мақсаты:  мектеп оқушыларының психикалық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта құру және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

 

Міндеттері:

- Психологтарға көмекке уақтылы жүгінуді қалыптастыру (ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер).

- Мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға психологиялық көмек көрсету арқылы педагогикалық мәдениетті арттыру;

- Мектептегі қызметкерлердің "эмоционалдыкүйіпқалуының" алдыналу.

- Оқушылардың жеке және зияткерлік дамуына, табысты әлеуметтенуіне жәрдемдесу.

- Психодиагностикалық, кеңес жүргізу, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлікт бағыттар бойынша оқушылармен жұмыс;

- Оқушылар арасында өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың, қорқытудың, кибербуллингтің алдыналу.

Сапалық құрам

Санат

Саны

* белгіленгенін жерге мектеп немесе ТАӘ жазамыз

Барлық мектептер

1

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Мектептерде құрылған психологиялық қызмет (ПҚ) саны

1

  • ПҚ жоқ мектептер)

Педагог-психолог мөлшерлемесі көзделмеген

0

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Қажеттілік

0

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Барлық педагог-психологтар саны

1

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Соның ішінде:

-

 

Магистратура

-

 

Педагог-модератор

1

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Педагог-сарапшы

-

 

Педагог- зерттеуші

-

 

Санаты жоқ

-

 

Біліктілік арттыру курстары бар

3

1."Современные технологии обучения и воспитания детей с особыми образовательными потребностями", 2020г, Астана

2. «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзінен-өзі қол жұмсаудың алдын алу», 2020ж, Өрлеу

3. «Білім беру ұйымдарында зорлық-зорлықтың алдын алу», 2024ж, Өркен

Барлық мөлшерлеме саны

0,5

Жумабаева Марфуга Амангалиевна

Қамтылған мөлшерлемелер

0,5

Жумабаева Марфуга Амангалиевна

Мөлшерлемелер бойынша бос орындар

0

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Мектептер бойынша бос орындар

0

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

Педагог-психологтің жеке кабинеті

1

Жумабаева Марфуга Амангалиевна

Кіріктірілген кабинет

0

 

Маман емес

0

«Айнакөл ауылының ЖОББ мектебі» КММ

 

Бағыттар бойынша педагог-психолог қызметінің нәтижесі:

Диагностикалық бағыт (талдаумен барлық диагностикалық жұмысты көрсетіңіз)

Ағымдағы жылдың І жарты жылдығы барсында педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары негізінде  төмендегі диагностикалық жұмыстар жүргізіліп өтті.

Баланың оқуға психологиялық дайындығын анықтау мақсатында 1- сынып оқушыларымен «Керн Йирасек» тесті (Адамның суретін салу; Сөздер көшірмесі; Нүктелер көшірмесі) алынды. Барлығы 3 оқушы. Нәтижесі бойынша барлық балалар мектепке дайын екендігі анықталды. Сынып жетекшісіне балаларда қол моторикасы мен зейінін ары қарай дамыту жөнінде ұсыныс берілді.

«Психикалық күйлердің өзін-өзі бағалауын» (Айзенк әдістемесі) анықтау бойынша 5-7 сыныптар арасында жүргізілген диагностиканың талдамалық анықтамасы бойынша оқушылардың психикалық жай-күйін өзін-өзі бағалау қалыпты жағдайға сәйкес келеді. Оқушылардың көпшілігі жақын болашақ туралы түсініктерге ие, қол жеткізуге болатын, нақты мақсаттар қоя білетіндері анықталды. Ұсыныс ретінде сынып жетекшіге оқушылармен тығыз қарым- қатынас орнату. Ата- аналарға баланы үнемі қадағалау, баламен жиі әңгімелесіп, күнделікті өмірдегі мәселелерді өздігінен шешуге икемдеу ұсынылды.

5-9 сыныптар арасында "Аяқталмаған сөйлем"әдістемесі бойынша диагностикалық жұмыс өткізіліп, келесі  анықтамалар алынды: диагностикалық нәтижелерге сүйене отырып, қатысушылар табысқа жету жағдайларына, ата-аналармен қарым-қатынасқа, қызығушылықтарға, болашаққа, қорқыныш пен қорқынышқа барабар эмоционалдық қатынасы анықталды және ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер анықталмады.

 

5- сынып оқушыларымен Филлипстің мектептегі мазасыздығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша төменгі мазасыздық- 100 % көрсетті. Мазасыздық анықталған жоқ.  Және осы әдістемені негізге ала отырып оқушылардың жағдайлық және тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында 7-11 сыныптар аралығында диагностика  жүргізілді.  Барлығы –31оқушы қатысты. Нәтижесінде жағдайлық мазасыздық бойынша жоғары- 0 %, орташа- 64,7 %, төмен- 35,3 %; тұлғалық мазасыздық бойынша орташа – 100 % көрсетті. Сынып жетекшілерге оқушыларды бақылау, сынып сағаттарында қобалжудан арылатын жаттығулар орындату ұсынылды.

Оқушылардың отбасылық әл-ауқатын  диагностикалау мақсатында 2-6 сынып оқушылары арасында  "Гүлдер бейнесіндегі отбасы" проективті әдістемесі , 7-10 сыныптар арасында "Отбасылық социограмма"әдістемесі ұсынылып жүргізілді. Нәтижесінда диагностика қатысушыларына  проблемаларды іздеуге назар аудармай, өзін-өзі көрсетудің өзіндік жолын табуға және ресурстық күйлерді өзекті етуге көмектесетін психологиялық қауіпсіз жағдайлар жасау ұсынылды.

Түзету-дамыту қызметі.  Орталық жүйке жүйесінің бейімделу функцияларын дамыту мақсатында 0-1 сынып оқушылары арасында бейімделу ойындары, кинесиологиялық түзету жаттығулары қарастырылған сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.  Сынып сағатына 5 оқушы  мен сынып жетекшілер қатыстырылды.  Сынып сағаты барысында оқушыларға интергемисфералық әсерлерді белсендіруге мүмкіндік беретін қозғалыстар жиынтығы жасалынды. Бұл жаттығулардың арқасында балалар ұшқыр, белсенді, жігерлі  және өзін-өзі ұстай алатын болып қана қоймайды, сонымен қатар оның сөйлеуі мен саусақтарының үйлесімділігін жақсартады Сынып жетекшілерге ұсыным ретінде кинезиологиялық жаттығулардың жиынтығы берілді.

Мектептегі мазасыздықты, әлеуметтік бейімделуді түзету мақсатында  5 сынып оқушысымен «Теремок» психологиялық жатығуы өткізілді. Жаттығу барысында оқушының бейімделу деңгейі кезіндегі туындаған қиыншылықтарды анықтауға мүмкіндік алынды. Сыныпта жалғыз оқушы болғандықтан, мұғалімдер тарапынан еш қиындықтар анықталмады. Ал пәндік қиындықтар (орыс тілі-әдебиеті) анықталды. Ұсыным ретінде сынып жетекшісіне орыс тілі пәнімен жеке әңгімелесу ұсынылды.

Репродуктивті денсаулық туралы білімді анықтау мақсатында 8-9 сынып оқушылары арасында «Өмірлік басымдықтар, құндылықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Қатысқандар саны 11 оқушы, 2 сынып жетекші. Нәтижесінде сынып сағатына қатысушылар өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысып өз мақсат-мүдделерін анықтап екеніне ой қорытылды.

Оқушыларда зейінін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, қарым- қатынасты нығайту мақсатында 4- сынып оқушыларымен «Зейін тренажері» атты дамыту жұмысы жүргізілді. Барлығы- 5 оқушы қатысты. Сабақ барысында көру зейінің дамытуда «Фигураларды есте сақта»; дыбыстық жаттығулар ретінде «Ауа, жер, су», «Корректуралық байқау», «Алақан шапалақтау», «Рұқсат етілмейтін түстер», «Көзбен сана», «Сурет сал», «Іздеп тап», «Ғажайыптық сиқырлы орманы» сияқты жаттығуларды сергіту сәті ретінде қолдануды пән мұғалімдеріне ұсынылды. 5-7 сыныптар арасында "Көңілді жылыту"тақырыбындағы логикалық есептерді шешуге арналған дамытушы сабақ, "Мектеп өміріне Кіріспе" 1 сынып оқушыларына арналған дамытушылық сабақ, 2,3,4 сынып оқушыларына арналған "Мектеп мотивациясын дамыту" сабағы, «Өзіңді біл» 5сынып оқушыларына арналған дамытушылық сабақ, "Менің мүмкіндіктерім" 7 сынып оқушыларына арналған сабақ, мектеп мед.бикесімен бірлесе отырып "Жеке гигиена" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының арасындағы дамытушылық сабақтары жоспарға сай өткізілді.  Сонымен қатар, үзілістер арасында оқушылардың ұжымдық бірлестіктерін дамыту мақсатын түрлі көңілді ойындар ұйымдастырылып отырды.

 «Ашуымызды – бақылауға аламыз!» тақырыбында тренингтік сабақ ұйымдастырылп өткізілді. Мақсаты:

-агрессивті, жанжалды мінез-құлықтың алдын алу және жеңу;

- эмпатия сезімін, басқалардың жағдайын және мінез-құлқын бағалай білуді дамыту;

- өзінің жағымсыз эмоцияларын, күйлерін және психикалық тепе-теңдікті реттеу әдістерін жеңудің «бағытсыз» әдістеріне үйрету.

Тренинг барысында оқушылар түрлі кейстік жағдайларды шешу арқылы. Ашуды бағындырудың жолдарымен танысты.

 

Кеңес беру бағыты (санаттар бойынша жүргізілген барлық кеңес беру жұмыстарын көрсетіңіз) Жеткіншектерге психологиялық кеңес беруде  5-8 сынып оқушыларына  «Жеткіншекке жаднама», «Өз- өзіңді қорғаудың 8-тәсілі» тақырыбында жаднама таратылып, кеңес берілді. Ата- аналармен «Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы»; «Балалардың қорқыныш, үрей сезімінен арылту бойынша психологиялық кеңес» зум форматта; «Буллнг дегеніміз не? Буллингтің алдын алу жолдары» тақырыптарында  кеңестік жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді.

Жалпы жарты жылдық жұмыс барысында

Педагогтермен – 6

Ата-аналармен – 6

Білім алушылармен – 11 кеңестік жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілді

Алдын алу қызметі. 1,5 сынып атаналарына арналған «Уақытты тиімді қолдан» тақырыбында тайм менеджмент жүргізілді. Мақсаты: уақытты үнемдеп әрі дұрыс пайдаланудың жолдарымен таныстыру. Жиналысқа 5 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға уақытты үнемдеу бойынша таратпа материалдар мен жаднамалар ұсынылды.

5-6 сынып оқушылары арасында "Қарым-қатынасты үйрену" тақырыбында КДМ жургізілді. Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оқушыларды адалдықа, шыншылдыққа, тәрбиелікке үйрету.  Іс шара барысында оқушылар түрлі әдіс-тәсілдер кейсімен таныстырылды.

"Бейімделу кезеңінің ерекшеліктері" (1,5, 10 сыныптар) бойынша педагогикалық кеңесте бейімделу жұмыстарының нәтижесі бойынша анықтамамен таныстырылып, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне алынған нәтижелер негізінде ұсынымдар берілді.

 «Менің отбасым» тақырыбында ата-аналар арасында КДМ жоспарға сай жүргізілді.

"Денсаулыққа саяхат" тақырыбында 1-2 сынып оқушыларының арасында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып тренингтік сабақ жүргізілді.

«Мамандықтар әлемі»  тақырыбында 3-4 сыныптар арасында сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.Сынып сағаты барысында оқушылардың болашақ мамандықтары жайында әңгіме жүргізілді.

  (2 тренинга) "Педагогтің кәсіби күйіп қалуының алдын алу" тақырыбында КДМ №2 сабақ ұйымдастырылып өткізілді.

Ағартушылық жұмыс

«ЕБҚЕ балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында педагогикалық кеңесте баяндама.

«Что такое дислексия и дисграфия?» тақырыбында 1-4 сынып «Б» сыныптың ата-аналар жиналысында баяндама.

"Бейімделу кезеңінің ерекшеліктері" (1,5, 10 сыныптар)  бойынша ата-аналар жиналысында тақырыптық баяндама

"Баланың дарындылығын дамыту шарттары" мектепішілік ата-аналар жиналысында баяндама

 

Қорытынды:

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі толық шығарылып, ұсыныстар берілді. Қолданылған әдістемелер оқушылардың оқуға психологиялық дайындығын, танымдық процестерін, жеке қасиеттері мен тұлғалық мотивациясын, жеке қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциялық- еріктік аймағын, кәсіби бағдарлануын  нақты және толық анықтауға мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады.

 Оқушылармен  өткізілген топтық дамыту жұмыстары өте табысты деп санауға болады. Сонымен қатар, ол білім, бағдарламалар құрылымы мен әдіснамалық жабдықтардағы кейбір кемшіліктерді анықтады, осылайша даму іс-шараларын одан әрі жетілдіруге арналған негізгі бағыттарды анықтады.

Жаңартылған күні: 23.01.2025 11:52
Құрылған күні: 23.01.2025 11:52

Текст