1 ведущий: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.
Құттықтаймыз, мерекелі Қазақстан,
Тәуелсіздік атыменен біз бүгін.
16- желтоқсанда біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлады.
2 ведущий:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны! Қымбатты қонақтар, ұстаздар мен окушылар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраның тыңдауға тік тұрыңыз!
(Әнұран орындалады)
1 ведущий: Бүгін біз «Туған жерім –Қазақстан!» атты мереке өткізгелі отырмыз. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршамызға қуаныш, бақыт әкелсін.
Құттықтау сөзін директорға береміз Сыздыкова Ардак Жандырбаевна
1 ведущий: Қазір біз бейбітшілік өмір сүріп жатырмыз. Біздің бейбіт әлемінде оқып, білім алуға мүмкіндігіміз бар. Еліміздің ресми мерекелері ішінде біз үшін ең маңызды мереке – Тәуелсіздік күні. Бүгін сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.
Флешмоб 1-4 классы
2 ведущий:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Песня 5-6 «А»
Жаса Қазақстан
1.Сүйем сені жасыл жайлау Атамекенім
Сұлу Көкше ақ Алатау жырлап өтемін
Қ/сы
А-а-а-а-а Жаса мәңгі Қазақстан
А-а-а-а-а Жайна сенде Астанам
2.Көк байрағың желбіресін әр кез биіктен
Туған жердің топырағын өтем сүйіп мен.
3.Халқым менің кешсін деймін өмір дәулетті
Бақыт қонған шаңырағың болсын сәулетті.
Танец батыров
1-ый ведущий: Тәуелсіздік мемлекет болғанымыз талай ақын-жазушы, би, батырларды ұлы адамдарды еске түсіреді. Ұлы ақын –Абай, заңғар жазушы – Мұхтар, жыр атасы - Жамбылға арналған алуан-алуан тойымыз қуаныш пен жаналыққа толы болды.
Песня
Егемен ел - Қазақстан.
Ата - бабам арман еткен,
Егеменді қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.
Қайырмасы:
Сен дегенде, Қазақстан.
Жүректен от лаулап ұшқан,
Гүлдей жайнап, құлпыра бер.
Егемен ел - Қазақстан.
Бүгін міне, таныды əлем.
Қазағымның кім екенін,
Мақтанышпен мен өзіңді,
Əн етемін, жыр етемін.
Флешмоб 7-11 классы
Танец Камажай
1-ый ведущий: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Көрініс 10-11 «А»
Бала : -Қандай болған ,неңдей заман кім ие? Күштілер кім?әлсіздер кім пәниеде?
Алмағайып аласапыран бөктетті.
Шыр айналды теңселіп бір дүние!
Ата : Дүниенің жалғыз сол деп тірегі.
Таң да тұрып татулықты тіледі.
Мың өліп ,мың тірілуді көрген ел
Тыныштықтың тәтті дәмін біледі. Бала: Ата мына тас мүсіндер қандай сыр шертеді?
Ата : Ееее балам !
Халық бар Қазақ деген жер бетінде
Ғұмыр кешкен тау мен жер өтінде
Ауыздығын шайнаған арғымақтай
Тағдыр жазған тарих бар кел бетінде
Батыр: Сарқыты болып сақтардың
Түлегімді түзеп баққанмың
Жәнібек Керей қолымен
Қазығымды алғаш қаққанмың!
Бес ғасыр салып араға
Арайланып атқан ақ таңмың.
Қасым хан болған тарланым
Есім хан асқақ заңдарым
Шам шырақ болып ертеңге
Тәуке ханы жазған заңдарым
Абылай қосып басымды.
Орындалған еді арманым!
Зар зам:Қара таудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Ел жұртынан айырылған жаман екен
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман бағы заман
Баяғыдай болсайшы тағы заман
Атадан ұл енеден қыз айырылды
Көздің жасын көл қылып ағызған!
Мына заман қай заман қысқан заман.
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман
Көк аспаннан топырақ , шаң борады.
Күні суық қаңтардан ,қыстан жаман.
Соғыс: Әлі есімде біледі, жұрт біледі.
Ел басына қатер төңген жыл еді.
Қимастарың қан майданға ұзатып
Қарыс айырылды аналардың жүрегі.
Соғыс жұлып кетті үйінің тірегің
Соғыс бұзды қуанышын іренің
Тұрды ана күйеуінен айырылып
Тұрды құшып тек қана оның күрегің.
Желтоқ: Елең етпей ет десе де саныннан!
Сандалумен соқпағынан жаңылған
Желтоқсаным менің қазақ ашуым !
Жүріп жүріп ақыры келіп жарылған
Ұрандайтың ұлың кетсе ұлтыңнан
Ұлы жолда ұлтанымыз жыртылған
Желтоқсаным менің қазақ жүрегім
Тоқтап барып, сосын қайта бұлқынған!
Еркіндік: Еркіндігім қасиеттім қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң.
Кеше Сенің келбетінді арман қылып
Боданына бұғауландық басқа елдің
Бабалардың басың тігіп бәйгеге
Аналардың жаңарына жас бердің
Уа ,еркіндік !
Тәуелсіздік қош келдің!
Бала: Сайын дала салғанда сан қырлыны
Жібітті қас қабақтар қатқылдығын
Мен бүгін ел басына қарап тұрып
Ұғыңдым бабалардың тапқырлығың.
Еркінд: Даналыққа жеткізіп ағалығын
Жақсылар жалғады жақсы өмір аралығын
Мен бүгін ел басына қарап тұрып
Байқадым хан мен бидің даралығын!
Ата: Құйылып шаттық жыры бал әні
Жаһанға сәуле шашып жағылады.
Бар ел болып жарияландық
Тұңғыш рет
Ел таңба , ту мен заңы ,әнұраны!
Песня «Бүл жана Қазақстан»
Керуен тобы - Бұл Жаңа Қазақстан
Бұл менің, Мекенім,
Мақтан етемін.
Аппақ үмітін, ақтап өтемін.
Байрағын Елімнің,
Құлатпай мәңгі.
Жан-жүрегімде,
Тұмар ғып сақтап өтемін.
Бұл - Жаңа Қазақстан,
Бұл - Жаңа Қазақстан,
Татулық, жолын таңдаған.
Бұл - Жаңа Қазақстан,
Бұл - Жаңа Қазақстан,
Көгімде, қырандай самғаған!
Жаңарған даламыз,
Ауыл, қаламыз.
Туған Ел біздің - аяулы Анамыз.
Күш салып, бабаның,
Аманатына,
Бірлікте болсақ,
Басқадан биік бағамыз!
1-ый ведущий: Мың жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз жер шарын аралап, еркіндік пен бостандықты ансаған. Енді бүгін міне өз арманына қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бүгінгі күнде қазақ халқы, Қазақстан Республикасы барлық елдерде, жердің түкпір-түкпірінде бүкіл әлемге танымал.
1-й ведущий: Біздің мемлекектіміз әлі жас, сондықтан еліміздің болашағы біздің қолымызда. Біз үшін Отаннан артық ұғым жоқ Қазақстан елін мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.
1 ведущий: Осымен біздің салтанатты іс-шарамыз аяқталды. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, денсаулық, ашық аспан тілейміз