Текст
Тазалық – тәртіптің негізі!
Бүгін КГУ «Айнаколь жалпы білім беретін мектебінде» дәстүрлі көктемгі сенбілік өтті!
Мектептің оқушылары, ұстаздары мен қызметкерлері бірігіп, аула аумағын тазалап, көркейту жұмыстарына белсенді қатысты.
Сенбілік – бұл тек тазалық шарасы ғана емес, сондай-ақ бірлік пен ұйымшылдықты арттыратын, туған мектебіңе деген қамқорлықты білдіретін тамаша мүмкіндік.
Барша қатысушыларға белсенділік пен жанашырлықтары үшін алғысымызды білдіреміз! Біздің мектеп – біздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз!