Сабақтың тақырыбы: Математикалық сауаттылық есептерін шешуі
|
Мектеп: «Айнакөл орта мектебі»КММ |
||||||||||||||
Күні: 23.02.2019ж |
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні : Абдыкаримова Алма Алимжановна |
||||||||||||||
Сынып: 10«Б»- 11 «А»
|
Қатысқандар: 10
|
Қатыспағандар:
|
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Комбинаторика тақырыбы бойынша білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейін анықтау
|
||||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар нақты есепке байланысты комбинаторика және ықтималдық пен дәреженің соңғы цифрын анықтау қалай қолдануға болатынын жазбаша түсіндіреді.
|
||||||||||||||
Пәндік лексика және терминология: - ықтималдық - комбинаторика -дәреже -Эйлер-Венн диаграммасы -Пик формуласы |
|||||||||||||||
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
|
|||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты қалыптастыру топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Академиялық адалдық: өзгелердің ойы мен ұсынысын сыйлауға тәрбиелеу әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде көрініс табады. Функционалды сауаттылық – алған білімдерін өзіндік, әлеуметтік, экономикалық мақсаттар үшін қолдана алу. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қолданбалы математика, физика,орыс тілі,ағылшын тілі,қазақ тілі.
|
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
презентациясы |
||||||||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар комбинаторика және ықтималдықың қасиеттерін біледі, дәреженің соңғы цифрын анықтау алады. |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы2 мин3 мин
|
Ұйымдастыру 1. Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» ағылшын тілінде мұғалім сабақты бастайды. Ыстық орындық: Ыстық орындықта отырған оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
2018-2019ж байқау сынактар |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 мин
5 мин
5 мин |
Топпен жұмыс Әр топқа бойынша тапсырмалар беріледі. Берілген мысалдарды топтар постерге орындайды, қорғайды. Әр топ бір-бірін тыңдап, тексеріп, бір-бірін бағалайды
1-топ. Дәреженің соңғы цифрын анықтау 2-топ. Комбинаторика және ықтималдық -Балалар, сендерге шығармашылық тапсырма беріледі: Ресурс парақтарында берілген , түрлі-түсті фломастерлерді қолдана отырып, постер жасау. Ол үшін 7 минут уақыт беріледі.Содан кейін жасаған постерлеріңді шығып қорғайсыңдар.Бұл тапсырманың орындалуын қарсы топ бағалайды.Ал, жұмыстарыңа сәттілік тілеймін! Қосымша1 Топпен жұмыс 1-топ Дәреженің соңғы цифрын анықтау саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 2. саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 3. саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 4. саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. 5. Мына қосынды қандай цифрмен аяқталады? 2-топ Комбинаторика және ықтималдық 1.Сыныптағы 32 оқушының 14-і мектепте өткен футбол турниріне, 10-ы баскетбол турниріне және 8-і волейбол ойынынан жарысқа қатысқан. Мұнда 6 оқушы әрі футбол, әрі баскетбол жарысына, 5 оқушы әрі футбол, әрі волейбол жарысына, 4 оқушы әрі баскетбол, әрі волейбол турниріне, ал 3 оқушы барлық үш ойыннан жарысқа қатысқан. Сынып оқушыларының нешеуі осы турнирлердің бірде – біреуіне қатыспаған? 2. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,15-і биге қатысады, ал 6-уы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Неше оқушы екі үйірмеге де қатысады. 3.Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-сі вокалға,10-і биге қатысады, ал 3-і екі үйірмеге қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша. 4.Сыныпта 33 бала бар. Олардың 18-сі жеңіл атлетика үйірмесіне,10-ы суда жүзу үйірмесіне және 5-уі екі үйірмеге бірдей қатысады. Осы сыныптың неше оқушысы бұл үйірмелердің бірде-біреуіне қатыспайды. 5. Суретші Сәрсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-де орман, 29-да өзен, 13-де орман да,өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар? Жұппен жұмыс. Тест жұмысы Қосымша2 Тест 1. Құлыпталған 7 шабадан және олардың 7 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікі екені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек? A) 21 B) 27 C) 28 D) 19 E) 15 2. Үш сыныптың оқушылары саяхаттқа шықпақ болып сапқа тұрды. Оларды сапқа екеуден тұрғызғанда 1 оқушы артылып қалды. Үшеуден, төртеуден сапқа тұрғызғанда тағы да 1 оқушы артылып қалды. Барлығын сапқа бес-бестен тұрғызғанда ғана бірде – бір оқушы саптан тыс қалмады. Оқушылар қанша еді? A) 15 B) 20 C) 25 D) 30 E) 25 3. Заңдылықты анықтап, келесі санды табыңыз: 1, 2, 6, 24, 120,... А) 500 В) 720 С) 900 D) 1840 E) 600 4. Барлық беттерін нөмірлеуге 35 цифр қолданылған кітаптың беттерінің санын анықтаңыз (нөмірлеу 1- беттен басталады). A) 11 B) 32 C) 22 D) 16 E) 26 5. Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 41-бет, сол жағында 12-бет жазылған. Журнал неше беттен тұрады? A) 41 B) 43 C) 53 D) 45 E) 52
Жеке жұмыс. «Бос микрофон » Оқушылар бір-бірден шығып есептерді шығарады,ауызша. Есептер корапшада карточкамен берілген.
|
Қосымша1
Тест парағы
Қосымша2 Тест парағы, дәптерлер.
Қосымша3
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақты қорытындылау: Оқушылармен сабақта жасалынған жұмыстар талқыланады: Рефлексия
Үй тапсырмасы: тест 1-20 есеп Қосымша5 Үй тапсырмасы: 1. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады? 2.Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады? 3.Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды? 4.Суға батқан кемеден 6 қап алтын монеталар табылған. Бірінші қапта 60, екіншіде 30, үшіншіде 20, төртіншіде 15 алтын монеталар болды. Барлық қапты санағанда монеталар санында заңдылықтың бар екені байқалды. 5-ші, 6-шы қаптарда қанша алтын монета бар? 5.Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру қажет. Егер қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға болады 6.Құлыпталған 10 шабадан және олардың 10 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікі екені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек? A) 43 B) 45 C) 50 D) 55 E) 58 7. Отбасында бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Ең аз болғанда отбасыда неше бала бар? A) 6 B) 5 C) 12 D) 11 E) 1 8. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар? A) 5 B) 6 C) 4 D) 7 E) 3 9.Фермерде сыйымдылықтары 15, 16, 18, 19, 20 және 31 л болатын ыдыс бар. Олардың бірі қаймақпен толтырылған, қалғандары айранмен немесе сүтпен толырылған. Фермердің айтуы бойынша, сүттің көлемі айраннан екі есе көп. Онда қаймақ неше л ыдысқа салынған? A) 19 B) 18 C) 16 D) 15 E) 20 10. Қасқыр қойды 6 сағатта жейді, ал одан жолбарыс екі есе, арыстан үш есе тез жейді. Үшеуі бірге қойды қанша сағатта жейтінін анықтаңыз A) 1,2 сағ B) 2 сағ C) 1,3 сағ D) 1,5 сағ E) 1 сағ 11. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды. 18 адам мұздатқыш алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана сатып алды? A) 10 B) 11 C) 12 D) 13 E) 8 12. Сыныптағы оқушылардың 18-і араб, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і араб және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлық оқушылардың санын табыңыз. А) 26 В) 32 С) 27 D) 30 E) 28 13. 6- сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20- сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар? А) 27 В) 28 С) 26 Д) 30 Е) 29 14. Сыныпта 37 оқушы бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша? А) 9 В) 5 С) 6 D) 7 E) 8 15. Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 22-сі спорттық үйірмеге, 11-і биге, 4-еуі екі үйірмегеде қатыспайды. Екі үйірмегеде қатысатын оқушылар саны жататын аралықты табыңыз. A) (12;16) B) (1;4) C) (10;14) D) (3;5) E) (2;12) 16. Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-і вокалға, 10-ы биге және 3 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша? A) 5 B) 7 C) 4 D) 3 E) 6 17. Сыныпта 32 оқушы бар. Олардың 17-сі вокалға, 15-і биге және 5-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша? А) 6 В) 5 С) 4 D) 1 E) 3 18. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша? А) 6 В) 3 С) 4 D) 1 E) 5 19. Балалар мерекесіне арналған концертке 5 әнші қатысты. Концерт барысында әрбір әнші басқа әншімен дуэт болып бір әннен айтып шықты. Концертте барлығы неше ән айтылды. A) 10 B) 9 C) 6 D) 8 E) 12 20. Футбол ойынына 9 команда қатысып, бір-бірімен бір ойыннан өткізді. Барлығы неше ойын болғаныын анықтаңыз. A) 90 B) 36 C) 45 D) 72 E) 81
|
Қосымша4
Қосымша5 |
|||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар материалды бекіту кезінде басқа оқушыларға көмектеседі.
|
Мұғалім оқушылардың белсенділігін бақылайды. Топпен жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. |
Сергіту сәті қолданылады. Сабақ барысында оқушылар сынып бөлмесінде орын ауыстырады.
|
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|