Қош бол, мектеп – балабақшасы.
Мақсаты: бүлдіршіндердің жыл бойы бойларына сіңірген
білім деңгейін ата- аналарына көрсету, бірбіріне деген достық сыйластаққа,
өнегелі, өнерлі, білімді, тәрбиелі азаматтар болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер,
аудио-видео техника, слайдтар мен шарлар.
Барысы: Музыка орындалады.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен
қоштасып, алғаш рет мектепке қадам басқалы отыр. Осы салтанатты мерекені ғажап
көніл-күймен тамашалап , балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыныздвр
.Олай болса,бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырамыз!
Би: Қимылды
би.
Балалар:
Нұрай:
Бір шанырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Қалға ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
Тақпақтар.(Әр
оқушы өлен шумақтарын айтқан кезде өзіне байланысты слайд көрсітіледі).
Тәрбиеші:
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге женіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жұмыр келаін айналасы –деп Абай
атамыз жырлағандай, келесі кезекті бүлдіршіндерімізге береміз.
Ақнур:
Қушағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім.
Би биледім,ән тындап
Аландауды білмедім.
Гүлге толы жан жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Әлия:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен.
Өзінізді қимаймыз.
Ақниет:
Кітаппен дос болып,
Жалқаулықпен өш болып,
Өседі ой мен санамыз,
Біз мекептепке барамыз.
Беске жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Әселя:
Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Айя:
Қөнілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Ақмерейді қарсы аламыз
Қымбатты апай,қараныз.
Қандай әсем баламыз,
Әділікті жақтаймыз.
Ізеттілікті сақтаймыз,
Осындай зор мақсатпен
Табалдырық аттаймыз.
Тәрбиеші:Киелі
аққу қустын әсемдігін мың бұрала жеткізе білген биші
Қыздарымызды
ортаға шақырамыз.
«Қазақ»биі
Хор: «Қош бол,балабақша»
Ойын.
Әріппен: «Мақтаншақтар».Бір
әріппті тандап алыңыз.Сол әріп бойынша
өзінізді
мақтайсыз.Кім көп мақтаса ,сол ата-ана женімпаз атанады.
Қағазбен:Тілек-тендігі.Бұл ойын бойынша екі
ата-ана қағазды бұйрық
бойынша
жыртады.Кім көп жыртса,сол ата-анаға қимылды тілек айтқызады.
Мұнан соң мектеп басшылары өз тіліктерін
білдіреді. Балалар мен ата-аналарға мақтау қағазы мен алғыс хаттар табыстау
рәсімі орындалады. Ата-аналар алғысынан соң, бата-тілектер айтылады.
Флешмоб
ата-аналар билейді.
Тәрбиеші:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек- деп Абай
атамыз айтқандай, осы адамдық қасиеттерді сіздерге тілеймін. Бүгінгі «ҚОШ БОЛ,
МЕКТЕП-БАЛАБАҚШАСЫ» атты шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.